Коронавирус: Қазақстанда 900-ден астам карантинде жатыр

05 наурыз, 17:30

Бұдан өзге 15 мыңнан астам адам дәрігерлер бақылауына алынған.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.

"Қазіргі таңда біздің елде арнайы мекеме мен үйде 992 адам карантинде жатыр. 2 және 3 санаттарына сәйкес тұрғылықты жері бойынша 7515 адам қадағалауда. Қолайсыз елдерден келген шамамен 8 мың адам біздің министрліктің бақылауында ", - деді еліміздің бас дәрігері.