Қазақстанда жаңа оқу жылы жексенбі күні басталады

08 тамыз, 14:48

ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Білім күніне арналған салтанатты жиын Қазақстанның барлық мектептерінде 1 қыркүйекте өтеді. Дегенмен бұл күні жексенбі болса да білім күні дүйсенбіге ауыстырылмайды.

Линейкадан кейін оқушылар үйге қайтады. Олардың сабақтары дүйсенбі, 2 қыркүйекте басталады.