​«Союз МС-09» кемесі Қазақстанға сәтті қонды

20 желтоқсан, 13:07

Пилотпен басқарылатын «Союз МС-09» кемесінің экипажы Жерге 197 тәуліктен кейін қайтып оралды. Сергей Прокопьев, Серина Ауньон-Чэнселлор және Александр Герст Жезқазған қаласының оңтүстік-шығыс маңына қонды.


Тамыз айында «Союз» кемесінің тұрмыстық заттарға арналған бөлігінен тесік табылған болатын. Сергей Прокопьев өзімен бірге герметик және микрометеорлы қорғаныстың үлгілерін алып келді. Соның көмегімен ғарыш кемесінің қорғаныс қабатында «тесік» қалай пайда болғаны анықталмақ.
Ғарышкерлер сонымен қоса «Союз» кемесінде «тесіктің» қалай пайда болғанын тексеру үшін тергеу органдары мен «Роскосмосқа» қажет заттарды жеткізіп отыр. Олар – ресейлік ғарышкерлердің ашық ғарышқа шыққан сәтінде алған герметик, микрометеорлы қорғаныс пластигі және тұрмыстық бөліктің сыртына жағылған жақпаның бөліктері.
360tv.ru