Екі жағдай да елордада тіркелген. Оның бірі - пневмонияға күдікті ретінде стационарда жатқан Қазақстан азаматы.
Вирусты жұқтырғандардың бірі дене қызуының жоқтығына қарамастан жағдайы ауыр. Екі жақты пневмонияның болуы, 1 дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігі байқалады.
Айта кетейік, 22 наурыздағы жағдай бойынша елімізде коронавирусқа шалдыққандар саны 56 адамға жетті. Олар: Нұр-Сұлтан қаласында – 31, Алматы қаласында – 22, Қарағанды қаласында - 2 және Алматы облысында - 1 жағдай.