Қазақстанда тағы екі адам коронавирус жұқтырды

14 наурыз, 12:04

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, бүгінгі таңда елімізде коронавирустың 5 жағдайы тіркелген. Вирусты жұқтыру жайтының 4-еуі Алматыда, 2-еуі Нұр-Сұлтан қаласында орын алған, деп хабарлайды Elitar.kz.

Стационарлы карантинге 1090 адам жатқызылса, 452 тұрғын үй карантинінде.

Бүгінгі таңда Қытай және өзге де елдерден келуші азаматтарға мониторинг жүргізу жалғасуда. Барлығы 2272 адам тіркелген, оның 1438-і 1 "а" категориясына жататын, 475-і 1 "б" категориясына, 359-ы 2-категорияға жататын елдерден келген.