Елімізде коронавирустан тағы 10 адам емделіп шықты

28 наурыз, 11:55

Олар бүгін стационардан шығарылып, екі апта үй карантиніне жатқызылып, бақылауға алынады.

"Қауіпті індетті жұқтырған екі науқас дертінен айығып, үйлеріне жіберілді. Бүгін стационардан тағы 10 адам шығарылады. Олар екі апта үй карантиніне жатқызылады. Коронавирус расталған басқа барлық науқас ауруханаға жатқызылды. Олармен байланыста болған азаматтар анықталып, іздестірілуде" делінген жедел штаб хабарламасында.