20 мамыр күні кешке КЖБИ-Мичурино трассасындағы "Шеш-Беш" кафесінің маңында пышақпен қаруланған ер адам 24 жасар қызды ағаш арасына қарай сүйреп, зорлаған. Одан кейін ол қызды тонап, әмиянын алып кеткен.
Полиция
қызметкерлері оны қанша уақыт іздейтіндігі
белгісіз еді, егер ел Президенті Қостанай
облысына сапарламағанда.
Мемлекет
басшысының келуіне бірнеше күн қалғанда
полицейлер күшейтілген жұмыс режиміне
көшетіні ешкімге құпия емес. Президент
Садчиковка ауылына баратын жол да ерекше
тексерілді. Мұнда тәртіп сақшылары
кезекшілік етіп, сол маңды да тексерген.
Рудный қаласының полицейі әріптестеріне
көмекке келген кезде, болашақ зорлықшыны
телефон камерасына кездейсоқ түсіріп
алған. Нәтижесінде күдікті бір тәулік
ішінде ұсталды.