Сенбі, 25 мамыр күні кешкісін әлеуметтік желілерде Әл-Фараби даңғылындағы "Нұр" дүкенінің жанында орналасқан "Радуга" аялдамасында болған ТЖ-дың фотосы тарала бастады, деп хабарлайды «Наш Костанай» порталы.
Фотодан жедел жәрдем машиналары мен полицияны көруге болады. Аялдама павильоны қоршалып, оның аумағында мәйіт жатыр. Болжам бойынша, ер адам. Дене көк матамен жабылған.
Тергеу шаралары
жүргізілгендіктен, полиция оқиғаның
егжей-тегжейін ашпады.
Бүгін, 27 мамыр
күні, полиция департаментінің баспасөз
қызметі мәйітте зорлық-зомбылықтың ізі
жоқ деп хабарлады. Қаза тапқан 47 жастағы
Қостанай тұрғыны болып шықты.
"Сараптама
тағайындалды, оның нәтижесі бойынша
өлімнің себебі анықталады", - деп
хабарлады полициядағылар.
Ресми
емес ақпарат бойынша, ер адамның халі
күрт нашарлап, жүрек талмасынан оқиға
орнында көз жұмған.