"Шарик-марик" ойыны түбіне жетті: қостанайлық тұрғын 505 мың теңге айыппұл төлейді

01 сәуір, 14:00

Ол қазынаға 200 АЕК төлеуі керек. Ойын шаригі және үш кесе тәркіленген.

Рудный қаласының тұрғыны 500 мың теңге айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды qostanay.tv -ға сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

Сотта тергелген куәгер кешкі уақытта оның жаяу жүргіншілерді алдап ақшаға ойын ойнап отырғанына куә болған, ал тағы екі адам ойынды сырттай бақылап тұрғанын айтқан.

Қостанай мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен ойыншы 444-бабының 1-бөлімімен ҚР ӘҚК әкімшілік құқық бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мемлекет кірісіне 200 АЕК көлемінде айыппұл салынып, ойын заттары – поролон шарлар, 3 кесе тәркіленді. Шешім заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, Қазақстанда 2019 жылдан бастап АЕК құны 2525 теңгеге тең.