Бір қыз үшін: Шіліктегі тойдың соңы жаппай төбелеске ұласты

16 қараша, 12:00

Жаппай төбелестің видеосы youtube және әлеуметтік желілерде жарияланды. Видео авторлары оқиға Шілік қаласында болған дейді. Ал пікір жазушылар басқа да қалалар мен кафенің атын жазуда. Бірақ, пікір жазушылар тек болжамдап отырғандарын жеткізуде.

Үйлену тойы төбелессіз өте ме? Тәп-тәуір тойды жаппай жұдырықтасуға айналдырғандар осындай пікірде болған секілді. Барлығы бір бойжеткеннің биінен басталды.

Ол әйгілі әннің ырғағымен алдымен бір жігітпен, кейін екіншісімен, содан кейін үшінші жігітпен билей бастайды. Бидің соңы қызғанышқа ұласты. Екі жігіт ештеңе таппай қалмағандай дәл тойдың үстінде мәселені шешіп алғысы келіп, төбелесе жөнеледі. Ары қарай не болғанын видеодан көруге болады.