Шымкентте тиісті рұқсаты жоқ инфекционист-дәрігер клиникалық қызмет көрсеткен

04 сәуір, 17:32

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Шымкент қаласында 2 сәуірде клизмадан кейін күйіп қалған балаға байланысты жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеруге тәуелсіз сарапшылар қатысқан.

Жоспардан тыс тексеріс барысында мынадай кемшіліктер анықталды:

- тиісті рұқсаты жоқ инфекционист-дәрігер клиникалық қызмет көрсеткен,

- процедураны тәжірибесіз медбике жасағандықтан, клизма жасау тәртібі бұзылған.

- ал аурухананың жауапты қызметкерлері медициналық процедурасының дұрыс атқарылуын қадағаламаған.

Аталған факті бойынша 2 медбике жұмыстан шығарылды, бас медбике қызметінен алынды, бас дәрігердің орынбасары мен емдеуші дәрігерге қатаң сөгіс жарияланды.
Бұдан бөлек, Шымкенттегі қалалық инфекциялық аурухананың бас дәрігеріне әкімшілік жаза ретінде 45 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Сондай-ақ, тексерістің қорытыдысы бойынша материалдар, процессуалдық шешім шығару үшін құқық қорғау органдарына жіберіледі.