Моңғолияда алып сәби дүниеге келді

01 сәуір, 14:00

25 наурызда Моңғолияда алғаш рет салмағы 5 кг 750 грамм болатын бала дүниеге келді, деп хабарлайды "Моңғолия Сейчас".

Жаңа туған сәби Энхтайван отбасында сегізінші бала болды. 33 жасар босанушы Т. Энхтуяа қандай да бір хирургиялық араласусыз табиғи жолмен босанған. Отағасының айтуынша, дүние есігін ашқан ұлы үлкен болғандықтан, 5-6 айлық сәбиге келетін киім-кешек алуға тура келіпті.