Тергеу барысында күдіктілер түнде ломбардқа кіріп, витринаны сындырып, бірнеше ұялы телефонды алып кеткендігі анықталды, деп хабарлайды Elitar.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Күдіктілерді
жедел іс-шаралар барысында елордалық
криминалдық полиция қызметкерлері
қолға түсірді. Қазір олар уақытша ұстау
изоляторында.
Ведомстваның баспасөз
қызметі хабарлағандай, тергеу барысында
ломбард тәулік бойы жұмыс істейді, онда
физикалық күзет жоқ, дабыл түймесімен
жабдықталған. Күдіктілерді полицейлер
бейнебақылау камераларымен анықтады.
Ұялы телефондар тәркіленіп, иесіне
қайтарылды.
Қазір осы факті бойынша ҚР ҚК 191-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полиция қызметкерлері тарапынан күдіктілердің Астана аумағында бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы анықтауда.