Самарадағы бір мектептің 4 оқушыдан туберкулез анықталды

04 наурыз, 19:19

Дертке шалдыққандар түрлі сынып оқушылары. 360 tv хабарлауынша, олар туберкулездің бактерия бөлмейтін түріне шалдыққан.

"Тексеру-зерттеу нәтижелері бойынша аурудың өзара байланысы жоқ екені анықталды. №36 мектептің аумағында инфекция көзі анықталмады. Мектеп қызметкерлері, асханадағылар, күзет қызметінің қызметкерлері арасында туберкулез ауруымен ауыратындар жоқ", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Қазір мектепте инфекцияның алдын алу бойынша барлық қажетті іс-шаралар өткізілуде. Ал арнайы комиссия тексеруді бастады.