Павлодарда полицейлер есірткі притонын анықтады

03 мамыр, 11:59

Тәртіп сақшылары хабарлағандай, павлодарлық өз үйінде тек "экстракциялық апиын" дайындап қоймай, есірткі сатқан, тіпті оны қолданғысы келетіндерге пәтерін берген, деп хабарлайды Elitar.kz Павлодар қ. ІІБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, ер адам өзі де уыты күшті есірткі заттарын қолданған.

Іс жергілікті тұрғындардың көмегінсіз ашылған жоқ. Олар есірткі қылмысына қарсы күрес жөніндегі бөлімшеге көршісінің пәтерінен шығатын "ацетон – еріткіштің" ащы иісіне шағымданды. Полицейлер шағымға байланысты пәтерге келгенде, наркопритонның үстінен шыққан.

Күдікті қамауға алынды. Осы факті бойынша ҚР ҚК 297-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.