Өзбекстан азаматы есірткіні ішіне салып шекарадан өтпек болған

04 желтоқсан, 17:37

Ұсталған азаматтың қолында есірткі салынған ешбір сөмке болмағанымен, кептірілген марихуана салынған азаматтың ішінде болған, деп хабарлайды Elitar.kz тілшісі ҚР ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ішінде есірткісі бар ер азамат Сарыағаш ауданындағы "Қапланбек" кеден бекеті арқылы өтпек болған. Есірткі тасымалдамақ болған азамат кеден бекетінің бақылауынан өтіп жатқанда арнайы оқытылған иттің көмегімен 48 жастағы ер кісі күдікке ілінген. Оның қолындағы сөмкесінен және өзінің жеке басын тексеру кезде ешбір есірткі заты табылмағанымен ауызша тергеу кезінде ол ішінде марихуана барын мойындаған. Экпертиза қорытындысымен Өзбекстан азаматынан табылған есірткі затының көлемі 13,5 грамм екені анықталды. Ер азамат полицейлерге тапсырылды.