Шахтинск қаласында 8 сынып оқушысы анасымен орын алған жанжалдан соң көпқабатты тұрғын үйдің шатырына шығып, өз өмірімен қоштаспақ болды, деп хабарлайды ҚР ІІМ ресми интернет-порталы.
Кеше, 3 наурыз күні полицияның 102 кезекшілік қызметіне мектеп оқушысының сынып жетекшісі хабарласқан. Педагог 14 жастағы оқушы қыздың Жеңіске - 40 жыл көшесі бойындағы №58 үйдің шатырына шығып кеткенін айтқан.
Полиция қызметкерлері оқиға орнына дереу жетіп, суицид жасамақшы болғаны қызды райынан қайтарды. Қазіргі таңда жасөспіріммен ювеналды полиция қызметкерлері мен психолог мамандары жұмыс істеуде.