Шымкентте 54-ші мектеп оқушылары белгісіз нәрседен уланып, ауруханаға жеткізілген. Олардың дені 4,6,7-ші сыныптардың оқушылары. Балаларда бас айналуы, бас ауыруы секілді улану белгілері болған. Қалалық білім басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша жедел жәрдем қызметі дәрігерлерімен ауруханаға 27 мектеп оқушысы жеткізілген.
"Оқиға орнында полицейлер мен төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Нақты неден уланғандығы әлі анықталған жоқ. Белгісіз жағымсыз иіс мектеп ғимаратында және сыртқы аумағында да сезілген. Ауруханаға жеткізілген оқушылардың бірқатары қажетті ем домнан соң үйлеріне қайтарылуы мүмкін "- деп хабарлайды Шымкент қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.