Шымкентте улы газдан екі адам мерт болды

28 қаңтар, 10:59

​Қайғылы оқиға 28 қаңтарға қараған түні орын алды. Орталықтандырылған диспетчерлік бөлімшеге 12 шағын аудандағы пәтерлердің бірінде ер адам мен әйелдің мәйіті табылғаны туралы ақпарат келіп түскен хабарлады. Болжам бойынша екеуі де улы газбен уланған.

Оқиға орнына келген мамандар газ құралдарын монтаждаудың бірқатар ақауларын анықтады. Газ плитасы мен марканың ағынды су жылытқышы лоджияға шығарылған. Бұл ретте түтін шығаратын құбыр қабырға арқылы далаға беттелген. Ол ағынды су жылытқыштың келте құбырымен тығыз байланысқан. Улы газ біртіндеп бөлмені жайлаған. Бұл жайтқа қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл үйдегілер пәтерді жалдап тұрған. Марқұм болғандардың жасы 38-де.