20 қаңтар, 19:58
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Абинур Қарабаев өз тәжірибесінде орын алған ерекше оқиғаны айтты, деп хабарлайды Elitar.kz.
Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деп айыпталған 17 кеденшінің біріне қатысты сот медициналық шараларын қолдану туралы шешім қабылданды. Ол тергеу изоляторында қамауда кезінде кенеттен сырқатқа шалдығыпты.
"Ол Сарыағаш кеден бекеті басшысының бұрынғы орынбасары. Сот-психиатриялық сараптама нәтижесі бойынша ол психикасының бұзылуынан әрекетке қабілетсіз деп танылды. Сот оған мәжбүрлеу сипатындағы медициналық шараларды қолдану туралы шешім қабылдады. Ол психикалық ауытқуға тергеу органдарымен ұсталған соң шалдыққан", - деді Абинур Қарабаев.
Автор:
Elitar.kz