23 қаңтар, 14:36
Анықталғандай, Рысқұлов және Дулати көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы орын алады. Алдын ала болжем бойынша, есірткіге мас күйде болған Mitsubishi Galant көлігінің 31 жастағы жүргізушісі Audi-80 көлігіне келіп соқтығысқан.

Оқиға орнына келген патрульдік полиция қызметкерлері жол-көлік апатын жасаған жүргізушілерден құжаттарын талап еткен. Алайда Mitsubishi тізгіндеген азамат құжатын көрсетуден бас тартып, оқиға орнынан кетуге тырысады. Оның бұл әрекетіне тосқауыл қойып, жолды жаппақ болғанда, ер кісі оны қағып, капотының үстіне отырғызып 3 шақырымдай жолға сүйреп әкетті.
31 жастағы жүргізуші ұсталып, медициналық сараптамадан өтуге жеткізілді. Полицей жарақат алған жоқ.
