​Шымкентте кофенің жалған түрі сатылып келген

19 ақпан, 15:52

Белгілі брендтің жалған түрі «Алаш» және «Оптовик» ірі базарларында сатылған.

Бұл туралы Еlitar.kz тілшісіне Шымкент қалалық әділет департаментінің өкілдері хабарлады.

Зияткерлік меншік құқығы жөніндегі бөлімнің жетекшісі Мұхтар Әбдезовтың айтуынша, Maccoffee тауар белгісін қолдану фактісі бойынша тексеру жүруде. Сусынның 5700 данасы тәркіленіп алынған. Тексеру қорытындысы бойынша материалдар сотқа жіберіледі.