​Шымкентте Құрбандық шалатын орындар белгіленді

08 тамыз, 11:47

Шымкент қаласының Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының ақпараты бойынша қалада осындай 8 орын бар.

Олар келесі мекенжайлар бойынша орналасқан:

ЖШС "Халал Қассаб", Шымкент қ., 203 орам, құрылыс 1989;
"Замин" ЖШС, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын алабы, Сатыбалдиев көшесі № 13;
"Бәйтерек Агро" ӘКК, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын алабы 72/5;
"Ақ мал ЛДТ" ЖШС, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын алабы, Әл-Фараби көшесі н / ж;
ЖШС"Марат КZ", Шымкент қ., Әл-Фараби ауданы, Рашидов көшесі №55;
ЖШС "Қазығұрт БРБ", Шымкент қ., Еңбекші ауданы, Қапал батыр б/н;
"РАУ" Ш / Қ, Шымкент қ., Еңбекші ауданы, 080-Қазығұрт, 2071 квартал;
ЖК "Миркаликов", Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын алабы, А. Темір көшесі № 32А.
Мамандар қала тұрғындарына хабарлама жасады:

"Қалада жануарларды сою кезінде ветеринарлық-санитарлық талаптарды сақтау мақсатында қала тұрғындарын міндетті түрде ветеринарлық мамандардың бақылауымен арнайы мал сою орындарында мал союды өткізуді сұраймыз".

Айта кету керек, мал сою орындары мен пункттерінің барлығы ақылы қызмет көрсетеді.