"Белдікпен қылқындырған": Шымкентте таксистке шабуыл жасалды

06 ақпан, 18:13

​Шымкентте таксишіге шабуыл жасалды. Оңай олжаға кенелмек болған ер кісі көліктің қауіпсіздік белдігімен оның мойнын қылқындырып, кейін пышаққа ұқсас затпен қорқытқан.

Оқиға ақпан айының басында орын алған. Түнгі уақытта жолаушы таксиге отырып, кейін оны тонауды көздейді. Өткір затпен қорқытып, ақша мен құнды заттарды талап еткен ол керегін таба алмаған соң оқиға орнына бой тасалап кетеді. Таксиші дереу полицияға хабар берген. Жедел іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде полицейлер күдіктіні ұстады. Ол бұған дейін бірнеше рет сотты болған азамат болып шықты.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 192-бабы, 1-бөлігімен іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.