Оқиға 17 ақпан күні сағат 12: 28-де Қаратау ауданы, Бәйдібек би көшесі бойындағы Бозарық тұрғын алабындағы айналма жолда орын алды, деп хабарлайды қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Elitar.kz.
Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамынан 26 адам, 5 бірлік арнайы техника, "Апаттар медицинасы орталығы" филиалының 3 қызметкері және Шымкент қаласы полиция департаментінің мамандары тартылды.