Төтенше жағдай кеше, 29 желтоқсанда Тұлпар шағынауданында орын алды.
Төтенше жағдай орын алғандығы туралы үйлердің бірінің тұрғыны хабарлаған. Ол диспетчерге қоңырау шалып, газдың жоқтығына шағымданған.
Қоңырау түскен мекенжайға келіп жеткен авариялық бригада тексеру кезінде жер асты коммуникацияларының иелерінің келісімінсіз жер жұмыстарын жүргізу кезінде ірі құрылыс компанияларының біріне тиесілі жүк тиегіштің орташа қысымды жер асты газ құбырын зақымдағанын анықтады. Салдарынан газ құбырының толық бұзылуы орын алды.