23 тамызда Шымкент қалалық полициясының патрульдік-полкі инспекторлары Е.Ерубаев пен Е.Жанысбаев қызметтік міндетін атқару кезінде көпірден секірмек болған ер адамды байқайды.
Полиция қызметкерлері назар аудару тактикасын қолданады. Сөйтіп, тәртіп сақшыларының бірі ер адамды әңгімемен алдарқатып тұрғанда, екіншісі өз-өзіне қол жұмсауға бел буған шымкенттік жігітті мықтап ұстап алды. Осыдан кейін біріккен күштер ер адамды қауіпсіз жерге гшығарады. Осылайша, кәсіби біліктілігі мен жедел әрекетінің арқасында полиция қызметкерлері тағы бір адамның өмірін сақтап қалды.