Шымкентте қарақшылық шабуыл жасаған қылмыстық топ құрықталды

23 сәуір, 11:45

Ағымдағы жылдың 8 сәуірі күні Шымкент ҚІІБ Қаратау ПБ-не, қаладағы темір-терсек қабылдау орындарының біріне қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама түскен.

Қаратау ПБ қызметкерлері анықтағандай, екі тұлға темір-терсек қабылдау орнына баса-көктеп кірген. Сол уақытта темір қабылдаушы азаматты қарумен қорқытып, аяқ –қолын байлап тастаған. Содан кейін сөмкесіндегі ақшасын қолды етіп, оқиға орнынан бой тасалаған.
Аталған жайт негізінде құрылған арнайы жедел тергеу тобы дереу қылмысты ашуға кірісіп, барлық ақпараттар мен деректерді тексеріп, жан-жақты нұсқаларды қарастырған. Жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті екі азамат ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды.
Аталған дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, тергеу жұмыстары жүргізілуде.

ОҚО ІІД