Валюта:
  • USD / KZT - 538.64
  • EUR / KZT - 631.56
  • RUB / KZT - 6.85

    Шымкентте ХҚКО мен фронт-офисінің мекен-жайы өзгерді

    29 мамыр, 12:52

    Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz хабарлайды.

    Сонымен, көші –қон ХҚКО және әл-Фараби ауданының №7 фронт-офисінің тіркелу орны өзгерді.

    Енді көші-қон ХҚКО азаматтарды Шымкент қаласы, Ғ. Орманов көшесі, 26 мекенжайы бойынша орналасқан аумағы 600 шаршы метр заманауи фронт-кеңседе қабылдайды.

    Бұрын С. Бәйтереков, 89 көшесінде орналасқан Әл-Фараби ауданының №7 Фронт-кеңсесі, Мәделі Қожа көшесі 1/16 мекен-жайына көшті. Бұл жерде мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету үшін барлық жағдай жасалған. Ыңғайлы тұрақ бар.

    Екі фронт-кеңсенің жұмыс кестесі: дүйсенбіден сенбіге дейін 9.00-ден 20.00-ге дейін, түскі үзіліссіз.

    Айта кету керек, қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша барлығы 10 фронт-кеңсе жұмыс істейді, олардың ішінде мамандандырылған ХҚКО және көші-қон орталығы бар.