Шымкентте дендросаябаққа кіру тегін болуы мүмкін

01 наурыз, 14:15

Бұл туралы Шымкент әкімінің орынбасары Данат Жұмин Facebook әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында жазды.

Жазбаны өзгеріссіз ұсынамыз:

"Біз бәрін басқаша жасауға шешім қабылдадық... Естеріңізде болса, бірнеше апта бұрын мен Шымкент тұрғындарынан кеңес алу үшін өтініш білдірдім. Біз Дендропаркке кіру үшін төлем жасау мәселесін талқыладық. Барлығы 26 теңгені құрайтын билет бағасы өте ыңғайсыз деген пікірді қолдады. Көпшілік кассаның орнына кіру ақысын төлеу үшін автомат орнатуды сұрады. Кейбіреулер 200 теңге орнатуды ұсынса, енді бірі 100 теңге ету ыңғайлы екенін айтты. Бірақ басым көпшілігі 50 теңге ету керектігін ұсынды. Тіпті бағаны төмендетіп, 20 теңге етуді ұсынғандар да табылды. Ал тағы екі дауыс денропаркте кіруді тегін етуге қатысты болды.

Біз бұл мәселені қала әкімі Ғабидолла Рахматуллаұлымен талқыладық. Дендросаябаққа кіру ақысын тегін ету туралы ұсынысты қолдауға шешім қабылдадық. Бұл ақылға қонымды. Үлкен қалалардың тұрғындары қала сыртына шықпай-ақ табиғатпен жалғыз қалуға мүмкіндік алуы тиіс. Бұл адамдардың денсаулығы мен көңіл-күйі үшін маңызды.

Дендросаябақ - қаланың және оның әрбір тұрғынының игілігі. Адамдар ешбір төлемсіз оның сұлулығынан ләззат алсын. Ерекше атап өтерлік жайт, бұл мәселеде шешім тек қала әкімі қабылдамайды. Өз жолдары бар. Дендропарк ерекше қорғалатын табиғи аумақ болып саналады. Сондықтан, кіру ақысын алып тастау үшін біз мұны бірқатар инстанциялармен келісіп, мәслихат депутаттарының мақұлдауын алуымыз керек. Бұған шамамен 2 ай кетеді. Әкімдіктің ұсынысы қолдау табады деп үміттенемін" деп жазды қала әкімінің орынбасары.