26 желтоқсан, 12:31
Шымкентте мектеп оқушыларының жаппай төбелесінің үш қатысушысы шартты мерзім алды. Оларға №65 мектеп залында үкім оқылды. №46 мектептің екі оқушысы және тағы бір жасөспірім кінәлі деп танылды.
Мектеп оқушыларына бір жылдан үш жылға дейін жаза берілд. Алайда, олар бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмағанын және өз кінәсін толық мойындағанын ескере отырып, сот оларға шартты түрде жаза тағайындауды ұйғарды. Бұл дегеніміз - сотталған оқушылар сабаққа барады.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 9 қыркүйегінде күндізгі уақытта қала көшелерінің бірінде оқушылардың жаппай төбелесі орын алған болатын. Бұл төбелесте №65 және 46 мектептің 17 оқушысы ұсталды. Істің мән-жайына сәйкес, №46 мектептің екі оқушысы кәмелет жасына толмаған бір танысын алып №65 мектептің оқушыларымен қарым-қатынасын анықтамақ болып келген.
Төбелес кезінде пышақ қаруы қолданылған. Куәгерлердің айтуынша, бұл сәтте оқ атылған. Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер екі тараптан да пышақ, шолақ мылтық және травматикалық тапанша тәркілеп алды.
Автор:
Elitar.kz