Шымкентте 9 сынып оқушысы із-түссіз жоғалып кетті

13 желтоқсан, 11:30

Жасөспірімнің жоғалғаны туралы ақпаратты шымкенттік еріктілер INSTAGRAM парақшасында жариялады.

"Сейсенбі күні №18 мектептің 9 сынып оқушысы Эмануила Игоревна Фролова жоғалды. Ол мектептен шыққан бойда үйіне қайтып оралмаған. Оны соңғы рет "Колос" аялдамасында көргендер бар. Оқушы қара түсті шалбар мен қоңыр күртеше киген. Қолында ашық қызғылт түсті сөмке болған. Жасөспірімнің жоғалғаны туралы құзырлы органдарға шағым түсірілді.

Байланыс нөмері: 87077080833 Кристина, 87071024269 Настя" делінген парақшада жазылған жазбада.

Егер сіз Эмануиланы көрген немесе қайда екенін білетін болсаңыз, редациямызға немесе жоғарыда көрсетілген байланыс нөмеріне хабарласуларыңызды сұраймыз.