Шымкентте әуе шарларының фестивалі өтеді

01 наурыз, 14:22

Шымкент қалалық туризм басқармасы ұсынып отырған іс-шаралар тізімін негізге ала отырып алдағы күндерге жоспарыңызды бекітуге кеңес береміз.

Қалалық туризм басқармасы Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында Шымкентте өтетін іс-шаралардың толық кестесін жариялады.

Наурыз айында қала тұрғындарын басқа да іс-шаралармен қоса халықаралық дизайнерлер конкурсы, «Сейіл Қошқар ата» және әуе шарларының фестивалі күтіп тұр.

Сәуір айы NATIONAL GEOGRAPHIC түсірілім тобының Шымкент пен оның айналасында өтетін экспедициясымен, қала және оның айналасындағы блог-турмен, «Қызғалдақ жолы» фестивалімен және басқа да іс-шараларымен қызықты болғалы тұр.

Ал мамыр айына еске алу және спорттық іс-шаралары жоспарланған.


Сондықтан, Шымкентке сапарыңызды алдын ала жоспарлауды ұмытпаңыздар. Барлық мәліметті қалалық туризм басқармасының Facebook әлеуметтік желісіндегі visit Shymkent парақшасынан алуға болады.