13 жасар жасөспірімді ата-анасы қолы сындықтан емшге алып барған, деп хабарлайды Elitar.kz.
Қайғылы оқиға 12 тамызда орын алды. Кешкі сағат 10-да жедел жәрдем көлігі 18 шағын ауданның № 13 үйіне шақыртылды. 2006 жылы туған балаға медиктердің көмегі қажет еді. Бірақ олар келгенше бала көз жұмды.
Бала сынықшыға
барамын деп қайтыс болуы мүмкін деген
болжам бар. Дәстүрлі емес медицина
өкілі 13 жасар жасөспірімнің
өліміне себепкер болуы мүмкін. Оқиға
орнында Еңбекші ПБ тергеу тобы жұмыс
істеуде.
Шымкент
қаласы ІІД-нің хабарлауынша, қазір 13
жасар жасөспірімнің өліміне әкеп соққан
себептерді анықтау бойынша тергеу
шаралары жүргізілуде.
"Аталған
факті бойынша сот-медициналық сараптама
тағайындалды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК -
нің 104-бабы 1-бөлігі "абайсызда өлімке
соқтыру" бойынша сотқа дейінгі
тергеу жүргізілуде", - делінген
таратылған хабарламада.
Алайда, бұл
іс кімге қатысты жүргізілгені белгісіз.
Ата-ана баланы дәрігерге
алып барудың орнына тәуіпке алып барып,
салғырттыққа жол беріп отыр.