Беті ашық люктер шымкенттіктердің мазасын қашырды

07 қараша, 10:44

«Ашық люктер» тақырыбы бүгінде коммуналдық қызметтің бас ауруы болып тұр. Қауіпті шұқырлар мәселесі тағы да қылаң берді. «Орталық саябақтағы люктардің беттері ашық жатыр». Қала тұрғындары дәл осылай деп дабыл қағады деп хабарлайды elitar.kz тілшісі.

Беті ашық жатқан люктар Орталық саябақ аумағында да бар болып шықты. Бұған алаңдаған тұрғындар ең алдымен балаларымыз үшін қауіптенеміз дейді. Тұрғындардың дабыл қағуына бірден бір себеп, дәл осы маңда Оқушылар сарайы ғимаратының орналасқандығы.
Вера Сергиенко қала тұрғыны.
«Әрине, бұл қауіпті, балалар үшін қауіпті. Бұл жерде люк ашық жатыр деген белгі тұруы керек. Қызым оқушылар сарайын биге барады. Қызым үшін алаңдаймын,-дейді.
Байқағанымыздай арық шұқырларының беті бұрын түгелдей темір тормен жабылған. Бірақ белгісіз себептермен темір торлар алынып тасталыпты. Коммуналдық меншікке жататын нысан аумағында жөндеу жұмыстарына қатысты белгіні немесе қауіпсіздік үшін қойылатын қоршауды байқамадық. Ал тиісті мекеме мамандары тұрғындардың бұл талабы орынды дейді. Кемшілікті түзетуге уәде де берді.
«Қошқар ата каналы ағып өтетін люктар қоқыспен, құм-топырақпен бітеліп қалған. Үш-төрт жылдан бері тазартылмағандықтан люктардың бетін ашып тазалау жұмыстары жүргізіліп, бүгінде толығымен аяқталды. Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін арнайы белгі мен қоршау қойылмағандықтан жауапты мамандарға шара қолдануға ұсыныс беретін боламыз. Өз тарапымыздан «ЛТД Тұрмысқа» ескерту береміз. Жұмыс барысында кеткен олқылықтар үшін тұрғындардан кешірім сұраймыз»,-деді Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Жаманкөз.
Маманның айтуынша тәртіпке сай шұқырлар тазаланардан алдын лентамен қоршау қойылады. Бірақ бұзақылардың жұлып алып тастау фактілері жиі кездеседі дейді ол. Егер қандай да бір, адам өміріне қауіпті, ашық жатқан люктерге көзіңіз түссе, қала тазалығы мен адам қауіпсіздігіне қатысты өзге де мәселелердің шешілуін қаласаңыз Шымкент қаласы әкімдігінің уатсап нөміріне хабарласуыңызға болады. +7-777-885-85-13, +7-777-885-85-02.

Галерея

146
147
148
149
150
151