Бұл туралы Elitar.kz тілшісі хабарлайды.
Байқау шарты бойынша Шымкенттің ең сұлу аруы атанудан үмітті бойжеткен жасы 17-ден жас болмау керек және бойы 169 см-ден төмен болмауы тиіс. Әділқазылар қатысушылар ішінен тек 20-сын ғана іріктеп алады.
Байқауды Дина Елімбек тиімді брендтер агенттігі мен Essen Group концерттік агенттігі ұйымдастырады. Қатысушы әрбір бойжеткен өзін жақсы қырынан көрсете білуі тиіс. Айтпақшы, қазылар алқасы үміткерлердің тек сұлулығына ғана емес, олардың интеллектіне де назар салады.