​Шымкентте 3 жасар қыз жыныстық қорлықтың құрбанына айналған болуы мүмкін

27 желтоқсан, 11:12

Бұл туралы оның ата-анасы мәлімдеді. Олардың айтуынша, келеңсіз жағдай балабақшада, бүлдіршін тәрбиешілердің қарауынсыз қалған сәтте болған, деп жазады Elitar.kz тілшісі.

Қыздың ата-анасы сол күні-ақ полицияға шағымданады. Тергеуші айғақты зат ретінде бүлдіршіннің қан дақтары бар іш киімін алып, мединицалық сараптамаға жіберген.

Дәрігерлер жәбірленушінің жыныстық мүшелері жарақаттанғанын анықтады, дегенмен, зорлау белгілері жоқ деп мәлімдеп отыр. Қалай болғанда да полицияда сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Бүлдіршіннің туыстары құқық қорғау органдарына сенбей отыр. Олар балабақшаның жетекшілері тергеу ісіне қысым көрсетуі мүмкін деп отыр. Қыздың апасының айтуынша, балабақша әкімшілігі болған оқиғаны теріске шығарып отыр. Медициналық тексерудің нәтижелері бір айдың ішінде белгілі болады. Ал әзірге бүлдіршіннің туыстары оны психологқа көрсетпек.