21 ақпан, 12:46
Полиция кісі өлтіруге күдіктіні марқұмның мәйітін үйдің ауласына көміп жатқан жерінен ұстаған.
15 ақпан күні Шымкенттегі Қайнарбұлақ ауылының тұрғыны полицияға хабарласып, көрші үйде жас жігіт адам мәйітін көмбек болып жатқанын хабарлаған, деп жазады Еlitar.kz тілшісі.
Шұғыл-тергеу тобы тез арада келіп, 1975 жылы туған күдіктіні ұстады.
Анық болғаны, күдікті мен марқұмның арасында ерегіс туындап, соңы төбелеске ұласқан. Күдікті пышақ алып, қарсыласының мойнына сұғып алады. Ол есін жоғалтқанда, мойнына тағы пышақ жарақатын салған.
44 жастағы күдікті өзінің кінәсін толық мойындады.
«Шымкент мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды. Оған ҚР ҚК 99-бабының 1-тармағы бойынша айып тағылған» - деп мәлімдеді судья Сержан Айнабеков.
Автор:
Жанна Шоман