Үкім жарияланған кезде айыпталушының анасына нашар болды. Бейсенбі, 10 қаңтар күні Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья жеті жасар баланы зорлау туралы іске қатысты үкім шықты.
Сот 16 жастағы жасөспірімді Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған жеті жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сотталған жазасын орташа қауіпсіздік колониясында өтейтін болады. Айыпталушының анасы үкіммен келіспейді және апелляцияға беруге ниетті. Жәбірленуші тарапына келетін болсақ, олар сот шешімімен толық қанағаттанып отыр.