Талдықорғанда 42 жастағы әйелдің өліміне қатысты екі күдікті ұсталды

16 шілде, 12:10

Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен марқұмның жұбайы қолға түсті, деп хабарлайды Elitar.kz Алматы облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ерлі-зайыптылардың арасында жанжал болып, жолдасы әйеліне пышақ жарақатын салған. Оқиға 12 шілде күні жалдамалы пәтердің бірінде болған. Артынша күдікті танысын шақырып, марқұмның мәйітін жасыруға көмек сұрап, қылмысын бірігіп жалғастырған.

"Ештеңе айтпай кетіп қалады үйден. Тығылып жүреді. Көзіме шөп салды. Шарқ ұрып іздеймін, бірақ қайда кеткенін айтпайтын, ақыры осы болды", дейді марқұмның күйеуі.

«Қазір екі күдікті де ұсталды. Әйелдің мүрдесі табылды. Қажетті соталды сараптамалар тағайындалған. Тергеу жүріп жатыр», деп мәлімдеді аталған ведомство қызметінен.

Бұл отбасының үлкен ұлы бар екен. Бірақ ол ата-анасынан бөлек тұрған

Күдікті қылмысты ас үй пышағымен жасаған. Бұл зат айғақ ретінде іс материалына тіркелді.