Таразда TikTok ролигі салдарынан жасөспірім пышақ жарақатын алды

19 тамыз, 18:53

​Аймақтың полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 15 тамызда 15 және 17 жастағы екі жасөспірім арасында болған.

Оқиғаға жігіт пен қыздың қатысуымен түсірілген ролик себеп болыпты.

Үшінші жасөспірім достарын ажыратпақ болып, салдарынан пышақ жарақатын алған. Ол облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Айтуынша, жанжал кезінде пышақтаған жасөспірім оқиға орнынан қашып кеткен.
Тараз қалалық полиция басқармасында ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі "бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта жедел-тергеу тобы Тараз қаласының 15 жастағы тұрғынына қатысты оқиғаның толық көрінісін анықтауға бағытталған барлық қажетті шараларды жүргізуде, оның нәтижелері бойынша бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілетін болады.
Айтпақшы, TikTok туралы қауіпті АҚШ басшысы Дональд Трамп та бұған дейін ескерткен. Оның пікірінше, Tik Tok қауіпті, өйткені оның көмегімен жалған ақпарат таралуы мүмкін.