Таразда Мамбет батыр көшесі бойында орналасқан "Ауыл-Береке" базары өртенді, деп хабарлайды Elitar.kz тілшісі.
Өрт кадрларын бізге мобильді репортерлеріміз жіберді. Кадр сыртындағы әйел азаматы базар түгелімен жанып жатқанын айтады. Осы сәтте екінші біреу: "картоп қатарларында пеш қалды" дегенді айтады. Онымен видеоны сипаттап беріп отырған адам келіседі.
Кейінірек белгілі болғандай, ҚР ІІМ ТЖК-гілер өрт шыққан базарда киімдері бар тоғыз дүңгіршек жанып кеткенін хабарлады. Өрттің себебі анықталуда. Өрт сағат 10: 01-де сөндірілді. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Өрт сөндіруге Жамбыл облыстық ТЖД жеке құрамынан 49 адам және 10 арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.
ФОТО: 24.kz