Таразда жедел жәрдем автобуспен соғысып, аударылып кетті

03 мамыр, 20:20

​Жедел жәрдем көлігі мен жолаушылар автобусының қатысуымен орын алған көлік апаты бүгін, 3 мамыр күні орын алған. Қақтығыс кезінде "жедел жәрдем" салонында жолаушылар болған.​

Тараз полиция департаментінің хабарлауынша, ЖКО салдарынан автобус жолаушыларының бірі және жедел жәрдемнің үш жолаушысы жарақат алды. Олардың барлығына медицина қызметкерлерінің көмегі қажет болды.

"Ағымдағы жылдың 3 мамырында Тараз қаласында "Газель-32214" маркалы жедел жәрдем автокөлігінің және "DONG FENG" маркалы жолаушылар автобусының қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Жедел жәрдем көлігінде зардап шеккендер бар. Аталған факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды", - делінген хабарламада.