Куәгерлердің айтуынша, бірінші, екінші және үшінші қабаттар арасы қираған.
Төтенше жағдай таңғы сағат 6:20-да 9 ықшамауданда орын алды. Алдын ала мәлімет бойынша жарылыс екінші қабаттағы пәтерінен шыққан.
- Сағат 6: 21-де алты подеъзді тұрғын үйде (9-шағын аудан, №62 үй) жарылыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл тұрғын үйде 90 пәтер бар. Бірінші мен үшінші қабат арасын қираған. №41 мектепке 300 адам эвакуацияланды. Оқиға орнында шұғыл қызметтер, психологтар жұмыс істеп жатыр, – деп хабарлады облыстық ТЖ департаментінің баспасөз хатшысы Сәуле Мұңатаева.
Осы үйде тұратындардың жағдайын білу үшін туыстарына арнап жедел желі ашылды: 8 (7262) 51-35-75. Оқиғаның себептері анықталуда. Қосымша ақпарат кейінірек беріледі.