Теміртаулық әйел өз анасын ыстық сумен азаптаған

08 тамыз, 11:50

Теміртау тұрғыны өз анасын ыстық сумен азаптады. Судья азаптағаны үшін оған шартты мерзімге үкім шығарды, деп хабарлайды Elitar.kz.

Анасын азаптау Теміртау тұрғынына әдетке айналған. Бірақ бұдан бұрын тек ұрғаннан әріге бармайтын. Дәрігерлердің араласуы да қажет емес еді. енесіндегі көгіс өздігінен кететін.

Бұл жолы әйел өзінің кәрі анасын ұрып-соғып қана қоймай, оны қайнаған сумен азаптаған.

Іс материалдарында көрсетілгендей, қызы ваннада ыстық су толтырып, анасын ағып тұрған ыстық судың астына отырғызған. Зейнеткер қызынан әлсіз, сондықтан оған тойтарыс бере алмаған.

Ауырсынудан анасы есінен айырылып қалды. Дәрігерлер оның беті мен мойынының күйгенін анықтады .

Сот қызын ҚК-нің 106-бабы "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша кінәлі деп танып, оған 5 жылға шартты түрде үкім шығарды.

Айта кетерлігі, анасы сотта қызын кешіріп, оны қатаң жазаламауды сұраған.