Валюта:
  • USD / KZT - 544.87
  • EUR / KZT - 639.02
  • RUB / KZT - 6.88
  • переменная облачность 34°C

Шымкенттік турагенттік жалған билет сатқан

13 тамыз, 09:41

Билет сатқан алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Шымкент ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

6 тамызда Шымкент қаласының полиция департаментіне ер адам арызданған, ол қаланың туристік агенттіктерінің бірінде шетелге құны 250 000 теңгеден асатын билет сатып алып, кейін бұл билет жалған екені анықталды.

Тергеу іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері алаяқтық жасаған күдіктінің жеке басын анықтап, ол Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына жеткізілді.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.