Түркістанда ер кісі асылып қалды

05 ақпан, 16:53

Бұл оқиғаға қатысты ресми ақпаратты Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратты.

"Ағымдағы жылдың 5 ақпанына қараған түні Түркістан қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне телефон арқылы жергілікті тұрғыннан оның ұлы асылып қалғаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Бұл фактіні полиция қызметкерлері СДТБТ-ға тіркеген. Сотқа дейінгі тергеу барысында болған оқиғаның барлық мән-жайлары анықталатын болады.

"Өз кезегінде Түркістан облысының полициясы азаматтарға көрінеу жалған ақпарат таратқаны, әлеуметтік және өзге де алауыздықты қоздырғаны, жеке өміріне қол сұғылмаушылықты бұзғаны үшін ҚР ҚК-нің 274, 174 және 147-баптарына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады" делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін құқық қорғаушы Бақытжан Базарбек өз-өзіне қол жұмсау әрекетін Түркістандағы үйлерді алып қоюмен байланыстырды. Бұл туралы ол Facebook желісінде хабарлады. Алайда кейін бұл жазба өшіріліп, тек пікірлер қалдырылды.



Пікір білдірушілердің бірі жағдайды сәл түсіндіріп, қайтыс болған ер адам невроз ауруымен ауыратынын және оның үйі 15,4 млн теңгеге бағаланғанын атап өткен.


Біз де тез қорытынды жасамаймыз және тергеу нәтижелерін күтеміз.