​Түркістан облысында 18 жасар жігіт иіс газынан уланып қалды

20 ақпан, 16:21

Қайғылы жағдай туралы суыт хабар газбен жабдықтау ұйымының диспетчеріне 19 ақпан түні сағат 11-де түскен.

«ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Түркістан облысы Түлкібас ауданы Рысқұлов ауылында тұратын жігіт иіс газынан уланған болуы мүмкін.
«Оқиға орнына келген апатты бригада мүшелері жуынатын бөлмеге «SF» маркалы су жылытқыш құрал орнатылғанын анықтады. Су жылытқыштың мұржасы жуынатын бөлменің қабырғасын бойлай, екі метр ұзындықта контреңістікпен ілініп, қабырға арқылы сыртқа 10 см шығарылған. Екіден аса жерден бұрылған. Мұржаның тартысы жоқ» делінген хабарламада.
Қайғылы жағдайдың себеп-салдарын анықтаушылар тексеруде.