​Түркістан облысында әйел суға батып кетті

24 қаңтар, 11:00

Бұл туралы «ҚР ІІМ ТЖК ОҚО ТЖД ШҚЖ» ММ қызметкері Павел Вишенин Facebook әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында жазды. Қайғылы жағдай 22 қаңтарда болған.

2019 жылдың 22 қаңтары күні сағат 12:43-те «112» құтқару қызметінің кезекшісіне Түркістан облысы Жетісай ауданындағы К-26 каналы маңында әйелдің заттары табылғаны туралы хабарлама түседі. Жоғалған азаматша, алдын ала болжам бойынша, 1975 жылы туған тұрғын.

Суда іздеу үшін «Шардара» құтқару бекетінен Шымкент қалалық ТЖД шұғыл-құтқару жасағының жеке құрамынан 5 маман тез арада аттанады. Сағат 15:11-де құтқарушылар оқиға орнына келіп, іздестіру жұмыстарына кіріседі.
Құтқару жұмыстарының нәтижесінде кешкі сағат 18:06 шамасында сүңгуірлер ағыс бойынша каналдың 7 шақырым төмен жағынан әйелдің денесін тапты. Сыртқа шығарып, туыстарына және аудандық полиция қызметкерлерінің қолына тапсырды.
Құрметті азаматтар! Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар, қайғылы жағдайдың алдын алыңыздар! Құтқарушылар төтенше жағдайға тап болмас үшін қысқы уақытта су көздерінде жүрудің қауіпсіздік ережелерін мұқият сақтануды ескертеді. Өз туыстарыңыз бен жақындарыңызға абай болыңыздар.
Шымкент қалалық ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.