01 мамыр, 11:22
Түркістан облысында коронавирус инфекциясы тағы 3 азаматтан табылды.
1 мамырдағы мәлімет бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырған Түркістан қаласының 1996 жылы дүниеге келген кі азаматы және 1945 жылғыбір тұрғыны анықталып, тіркелді.
Диагноз науқастарды зерттеу барысында нақтыланды.
Аталған азаматтармен жақын байланыста болғандар анықталып, медициналық бақылауға алынуда.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем алуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі таңда Түркістан облысында вирус жұқтырғандар саны - 123. Оның ішінде, Жетісай -21, Ордабасы-11, Кентау қаласы -10, Сайрам ауданы-3, Мақтаарал-7, Арыс қаласы -17, Туркістан қаласы-18, Байдібек-3, Сарыағаш -18, Қазығұрт – 8, Созақ – 5, Түлкібас -1, Төлеби ауданы -1.